03:39, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Түрмені роботтар бақылайтын болды
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның түрмелерін роботтар бақылайтын болды. Жергілікті ғалымдар Robo-Guard есімді «күзетшілерді» алғашқы сынақтан өткізіп жатыр.

«РосБизнесКонсалтинг» порталының хабарлауынша, құлтемірлер түзеу мекемелері аумағын күзету үшін жасалған. Олар сотталғандардың қашу және өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін дер кезінде байқап, күзет қызметіне хабар бере алады. Robo-Guard роботтары 3D-камерамен, арнайы бағдарламалармен жабдықталған. Робот компьютермен және iPad-пен басқарылады. Бұдан былай түрме бақылаушыларына бейнебақылау қондырғыларын тексермей-ақ қоюға болады.
Алаш айнасы