Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қоғамның менталитетін өзгертеді – Еркін Тұқымов

Еркін Тұқымов
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңдарға қол қойды. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында бұл заң қоғамның санасын өзгертетінін атап өтті.

Бұл - кәдімгі заңдардың бірі емес, ұзақ мерзімді перспективада біздің қоғамды өзгертетін ерекше заңдардың бірі деп санаймын. Қоғам мен билік дайын болмаса, мұндай заң қабылданбайтын еді. Біздің қоғамның ойы қазір пісіп жетілді және билік тарапынан қоғамды естіп, ел үшін маңызды заңдарды қабылдайтын қозғалыс бар, – деді Еркін Тұқымов.

Сарапшының айтуынша, бұл мәселе туралы айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны ауырлату ғана емес, сонымен бірге біздің құндылықтарымыздың өзгеруін көруге болады. Құндылықтар ескі, дәстүрліден модерн, яғни жаңа заман талабына, инклюзив қоғамға қарай өзгеріп жатыр.

Сондай-ақ, Еркін Тұқымов зорлықты бір заңмен шешу мүмкін емесін атап өтті. Алдағы уақытта білім, жаңа құндылықтар енгізуден бастап, кезең-кезеңімен жұмысты жалғастыру керек.

Сарапшы АҚШ-та қабылданып, іс жүзінде орындалмаған заңдарды мысал ретінде келтірді. Сондықтан бүгінгі заң білімді қоғам қалыптастыруға ықпал етуі керек деп айтты.

АҚШ-та кезінде осындай бірнеше заң қабылданды, бірақ ол жасырын дискриминацияны жоя алмады. Ешкімді ашық кемсітпейді, бірақ адамды тіпті елемейсің де: жұмысқа алмайды, заңда көрсетілген жазадан құтылу үшін түрлі жол табатын. Яғни іс жүзінде заң орындалмай, кемсітуді қолдауға жұмыс істеді деуге болады. Сондықтан біздегі заң жаңа білімді ортаны құруға ықпал етеді деп үміттенемін. Себебі білім модернге қарай қозғалыстың негізі болады. Алғашқы қадамы жасалды, енді бұл заң білім беруге, құндылықтарымызды қазіргі қоғамға бейімдеуге үлкен мультипликатив әсер етеді, – деді ҚСЗИ директоры.

Еркін Тұқымов Президент Тоқаев жаңа реформаларды кезең-кезеңімен жүргізіп жатқанын атап өтті. Алдымен саяси өзгерістер, кейін экономикалық және қоғамдық реформалар болып жатыр, деп атап өтті сарапшы.

Соңғы жаңалықтар