17:48, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Тұрмыстық қылмыстардың саны азайып келеді - Г.Әбдіхалықова
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда тұрмыстық қылмыстардың саны екі есе азайды.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан - Ресей - Әзербайжан» бейнекөпіріне қатысқан ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасы ісі жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.
Оның хабарлауынша, 2009 жылы осы санаттағы 1611 қылмыс тіркелсе, бүгінде ол көрсеткіш 780-ге дейін азайып отыр. «Тұрмыстық қылмыстар кезінде адам өлімі де орын алуда. Бұған дейін оның саны 578 болса, қазіргі уақытта адам өлімі 285-ке дейін төмендеді», - деп атап көрсетті Г.Әбдіхалықова.