Тұрмыстық техникалар бір жылда 18% қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық отбасылар асүй плитасымен 100 пайызы, ыдыс жуатын машинамен 34 пайызы ғана қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметін сенсек, 2021 жылы қазақстандық отбасылардың 100%-ы асүй плитасымен, 99,7%-ы тоңазытқышпен, 96,1%-ы кір жуғыш мащиинамен, 94,1%-ы шаңсорғышпен, 79,1%-ы қысқатолқынды пешпен қамтылған. Ал мұздату камерасын қазақстандық отбасылардың 29,6%-ы, электр қазанды 28%-ы, тігін машинасын 27,9%-ы, кондиционерді 24,1%-ы, ток пешті 18,5%-ы, ыдыс жуғыш машинаны 3,4%-ы күнделікті тұрмыста қолданып жүр.
Кір жуғыш машинамен, шаңсорғышпен, қысқа толқынды пештермен, электр қазанмен, кондиционермен, ток пешпен, ыдыс жуғыш машинамен қамтылу деңгейі қалалықтарда жоғары болса, ауыл тұрғындарды тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасы сияқты техниканы қалалықтардан жиі сатып алады.
«10 отбасы деп алсақ, олар 102 тоңызтқыш, 102 асүй плитасы, 97 кір жуғыш машина, 95 шаңсорғыш, 79 қысқа толқынды пеш, 30 мұздатқыш, 28 тігін машинасы, 28 электр қазан, 26 кондиционер, 20 ток пеш, 4 ыдыс жуғыш машина тиесілі. Биылғы 3 айдың қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер бар болғаны 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш жасап шығарған. Ал осы уақытта 144, 9 мың импорттық техника әкелінген. Бірінші тоқсанда Қазақстан аумағында 150,8 мың кір жуғыш машина мен кір кептіргіш техника, 89,1 мың шаңсорғыш, 181,9 мың миксер әкелінген. Бұл техниканың ешбірін Қазақстан шығарылмайды», - делінген Energyprom.kz ақпаратында.
Порталдың жазуынша, сәуір айындағы көрсеткіштер бойынша сатып алынған тұрмыстық техниканың бағасы бір жылда 18,1% қымбаттаған.
Әсіресе Алматы облысында 21,5% қымбаттау тіркелген.
Сондай-ақ Жамбыл облысы мен (20,7%) және Солтүстік Қазақстан облысы (20%) қымбат өңірлердің үштігіне кіріп отыр.
Жеке техникаларға назар салсақ, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар 15,8%-ға, асүй плитасы 17,2%-ға, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машина 22%-ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттаған.