Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы қарқынды жүріп жатыр

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің және Қазақстандағы «Дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар ұйымының бастамасы бойынша Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен жылғы желтоқсаннан бастап,

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы қарқынды жүріп жатыр

тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға телефон арқылы консультация жүргізу жұмысы ұйымдастырылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлап отыр.

Жедел, психологиялық, заңды көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін қысқа, тез есте сақталатын төрт санды 1415 телефон нөмірі белгіленді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған сенім телефон желісі Астана қаласы ІІД-нің № 5 полиция бөлімшесінде Мұңайтпасов көшесі 6-үйде орналасқан.

Осы мерзім ішінде сенім телефоны қызметіне бірқатар телефон қоңыраулары келіп түсті, олар бойынша дағдарыс орталықтарының екі заңгері мен психологы жедел психологиялық консультация жүргізді және клиентті өмірдің қиын жағдайынан шығару бойынша іс-әрекет жоспары әзірленді.