Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз қайда хабарласуға болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицияның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын жақсарту, сондай-ақ Қырғызстанның ҮЕҰ және муниципалдық мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қырғызстанның ҮЕҰ мен полиция арасындағы өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі зерттелді, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетудің тиімділігіне және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың күрделі мәселелері, сондай-ақ, оларды шешу жолдарына баға берілді» – деді Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Сондай-ақ полицияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда, қайда хабарласу керектігі жайында айтылды.
«Дереу «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз: – дағдарыс орталықтары одағы жанындағы сенім телефондары «150» және «111», WhatsApp қосымшасы +77081060810 (тәулік бойы, тегін, жасырын, құпия) немесе көмек алу үшін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларына телефон арқылы хабарласыңыз. Алматы қалалық Полиция департаменті: 254-45-99; Алатау ауданы бойынша: 227-55-54; Алмалы ауданы бойынша: 264-46-09; Әуезов ауданы бойынша: 298-53-33; Бостандық ауданы бойынша: 254-47-32; Жетісу ауданы бойынша: 254-49-43; Медеу ауданы бойынша: 254-48-66; Наурызбай ауданы бойынша: 254-49-48; Түрксіб ауданы бойынша: 298-54-25 телефоны арқылы.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Жан-Сая» дағдарыс орталығы: – 243-22-21 Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана «Араша» – 317-57-17; Қиын жағдайдағы әйелдер мен балаларға арналған баспана «Тин-Челлендж» – 252-99-63; 254-08-58; «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы – 396-19-38;+747-111-23-60; «Реванш» жан-жақты қолдау орталығы +707-323-23-74.