Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерді «дабыл белгісімен» қамтамасыз ету ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге жылдам көмек көрсету үшін «дабыл белгісімен» қамтамасыз ету ұсынылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерді «дабыл белгісімен» қамтамасыз ету ұсынылды

Бұндай ұсынысты бүгін Астанада өткен «дөңгелек үстелде» Кризистік орталықтар одағының төрайымы Зүлфия Байсақова мәлім етті.

«Бизнес-құрылымдардың өкілдері бізге «дабыл түймешесі» бар телефонды таныстырды. Бұл девайс қымбат емес, шамамен айына көрсетілетін қызмет үшін 2 мың теңгені құрайды және телефон аппаратының құны да осы деңгейде. Осындай девайсты дер кезінде белгі беру үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушісіне, яғни қорғау туралы ұйғарым жасалған адамға табыстау қарастырылды»,-деді ол.

Оның сөзен қарағанда, аталған құрылғыны тапсырар алдында алдын ала тиісті жұмыстар атқарылады. Яғни, әрекет ету үшін жақында орналасқан қызметтер қосылып, қажет болған кезде жылдам жетуге мүмкіндік жасалады.

«Бұл тұрғыда құқық қорғау органдары, жедел-жәрдем өкілдері болуы керек. Сонымен қатар осында көршілері де қосылған жөн. Кризистік орталықтар одағы мобильдік топқа енуі тиіс жедел әрекет ету қызметкерлерін даярлау бойынша үйлестіру шараларын өз мойнына алуға қауқарлы»,-деді З. Байсақова.