«Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» ҚР заңы толыққанды жұмыс істеп отырған жоқ- «Құрбылар» дағдарыс орталығының президенті

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Өткен жылы қабылданған «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы толыққанды жүзеге асырылып отырған жоқ.

«Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» ҚР заңы толыққанды жұмыс істеп отырған жоқ- «Құрбылар» дағдарыс орталығының президенті

Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз клубында өткен мәслихатта «Құрбылар» дағдарыс орталығының президенті Надежда Гладырь айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, елімізде арнайы заңның болмауына байланысты ұзақ уақытқа дейін тұрмыстық зорлықтың алдын алу мәселесі қиын болып келді. «10 жылдық дайындықтан соң былтырғы жылдың 4-ші желтоқсанында арнайы заң қабылданған соң бұл бағытта ілгерлеушілік болар деп үміттенгенбіз. Алайда қабылданғанына 5 ай болса да заң жүзеге асып отырған жоқ», дейді Надежда Гладырь. Оның айтуынша, заңдағы көрсетілген міндеттерді толыққанды жүзеге асыру үшін Үкімет тарапынан кешенді жоба қабылдануы керек. Ал Үкіметтік емес ұйымдар оған қолдау көрсетуге дайын. «Заңның толыққанды жұмыс істеуі үшін «Тұрмыстық зорлықтан зардап шеккендердің орталығы» мемлекеттік мекемесін ашу, оларға құқықтық, психологиялық кеңес беруді жолға қою, арнайы тренигтер мен семинарлар өткізу, ақпараттық насихат жүргізу қажет. Қазіргі таңда бұл қызметтерді елімізде тек біздің орталық қана жүзеге асырып отыр. Алайда жалғыз ұйымның шамасы жетпейді», дейді «Құрбылар» орталығының президенті.