Тұрмысы нашар азаматтар ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғын үй жәрдемін ала алады

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат -  Үйді күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалатын шығындары жалпы отбасы табысының 10 пайыз артып кететін аз қамтылған пәтер иелеріне әкімдік тұрғын үй жәрдемін береді, деп хабарлады pm.kz сайты.
None
None

ТКШ жаңғыртудың жаңа бағдарламасына сай, отбасының коммуналдық қызмет пен жалпы үй мүліктерін күтіп ұстауға кететін шығындары табыстың 10 пайызы аспауы керек. 10 пайызы асып кететін шығындарды мемлекет төлейді.

Коммуналдық қызмет пен жалпы үй мүліктерін күтіп ұстауға бағытталатын отбасы табысының шектік үлесін мәслихат бекітеді.

Жалпы, ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін үй иелері тұрғындардың жалпы жиналысында үйді жөндеу және кондоминимум нысанын тіркеу туралы шешім қабылдаулары қажет.

Одан кейін тұрғындар әкімдікке өтініш беріп, тұрғын үй комиссиясымен берлесіп ақаулар актісін, жобалық-сметалық құжаттамаларды жасайды. Жөндеу жұмыстарының шығындар сметасы  пәтер иелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.

Ары қарай пәтер иелері қайтарым сомасын жинақтау үшін банктен шот ашулары қажет. Бұл қаражат мамандандырылған ұйымдарға жіберіледі, олар өз кезегінде мердігерлерге жөндеу жұмыстары үшін ақы төлейді. Пәтер иелері несиені 15 жыл ішінде жауып бітіреді.

2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Қазақстанда 11 624 тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар