Тұрмысы төмен отбасылардың балалары «Астана Операда» концертте болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы тұрмысы төмен және мұқтаж отбасылардың балаларын «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы «Жануарлар карнавалы» әдеби-музыкалық концертіне қонаққа шақырды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Астана Опера» театрында жас көрермендердің болуына «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Бақытты балалық» жобасы аясында «Мәдениет» партия ұйымының жас жігіттері мен қыздары көмектесті. Балалар дирижер Руслан Баймұрзиннің басқаруындағы симфониялық оркестрдің орындауында «Жануарлар карнавалы» концертін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
«Жануарлар карнавалы» концерті француздың көрнекті композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың көрнекті шығармаларының бірі. Театрдың жас көрермендеріне симфониялық оркестрдің шеберлігі және олардың музыкалық аспаптарда жануарлар мен құстардың дауысын. сондай-ақ олардың ән салуға еліктеуін салуы үлкен әсер қалдырды.
Концерттен кейіңн балалар елдің үздік опералық залында өз әсерлерімен бөлісті.
«Бақытты балалық» жобасы жалғасуда. Ол өскелең ұрпақта рухани құндылықтарды нығайтуға, балалардың бойында қазақстандық патриотизмді және өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
«Мәдениет» партия ұйымы әлеуметтік жағынан әлжуаз және тұрмысы төмен отбасылардың балалары арасында тәрбиелік, мәдени-ағарту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті.