Туск пен Юнкер Трампты Еуропаға шақырды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еурокеңес басшысы Дональд Туск пен Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Дональд Трампты АҚШ президенті болуымен құттықтап, Еуропаға сапарға шақырды.
Бұл туралы саясаткерлер Ақ үй басшысына құттықтау хатында жазды, деп хабарлады Брюссельдегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Америка Құрама Штатының 45-ші президентін сайлануымен құттықтаймыз», - деп жазды Туск пен Юнкер. Хатта ЕО мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік «адам бостандығы мен құқықтарының, демократияның жалпы құндылықтарына, нарықтық экономикаға сенімге негізделеді». Көптеген жылдар аралығында Еуропалық одақ пен Құрама Штаттар бірге бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді.
«Бүгін бұл қандай да бір трансатлантикалық қатынастарды нығайтуға қарағанда, барынша маңызды. ДАИШ сияқты сын-қатерлерге, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұрақтылығына төнген қауіпке, климат пен көші-қонның өзгеруіне тек ЕО мен АҚШ-тың тығыз ынтымақтастығы ғана оңды ықпал ете алады», - деп атап өтті саясаткерлер.
Ол «бақытқа орай, ЕО мен АҚШ-тың стратегиялық әріптестігі кең әрі терең, сондықтан Брюссель мен Вашингтон «олардың байланыстары берік әрі ұзақ болып қалуына кепілдік беру үшін барлық күш-жігерді жұмсауы қажет», - делінген хатта. Хаттағы қорытынды сөзінде олар Дональд Трампты ЕО-АҚШ саммитін өткізу үшін Еуропаға шақырды.