Түскі ұйқы диабетпен ауыру тәуекелін арттырады -ғалымдардың пікірі

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Түскі ұйқы екінші типтегі диабетпен ауырудың ықтималдығын арттырады екен. Ғалымдар 16 480 адам қатысқан жаңа зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып, осындай қорытындыға келіп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-си компаниясына сілтеме жасап. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, түскі ұйқы екінші типтегі диабетпен ауыру тәуекелін 26 пайызға арттырады екен. Мамандардың пікірінше, күндіз ұйықтағанды жақсы көретіндер көп қимыл-қозғалыстан қашады және оның үстіне түнде ұйқылары қашады. Ал түнгі ұйқының бұзылуы екінші типтегі диабетке ұшырау тәуекелін арттыратыны баяғыдан дәлелденген. Оған қоса ұйқының бұзылуы адам ағзасында инсулиннің тиімді жұмысына кедергі келтіретін гормондардың белсенділігін арттырады екен. Бұл жайт та адам ағзасын диабетке бейімдейді, себебі инсулин өз қызметін лайықты дәрежеде атқара алмайды.
Соңғы жаңалықтар