Тутанхамон мазарынан жасырын бөлме табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың тарихи жәдігерлер министрлігі Тутанхамон мазарында жасырын бөлме бар деген теорияны растайтын жаңа деректерді жариялады, деп жазды Утро.ру.

Тутанхамон мазарынан жасырын бөлме табылды

National Geographic-ке берген сұхбатында ведомство басшысы Мамдух эль-Дамати мазардың инфрақызыл суреттерінің алғашқы сараптамасы солтүстік қабырғаның түрлі бөліктерінің температурасы әр түрлі екенін көрсетті деген. Ендеше, қабырғаның артында бос кеңістік бар.

Биыл британиялық мысыртанушы Николас Ривзаның еңбегі жарияланды. Ол перғауын мазарында жабылып, боялған тағы екі есік орны бар екенін айтты. Оның пікірінше, бұл есік орындары бастапқыда мазарды Нефертити патшайымы үшін жасағанын дәлелдейді. Ол Эхнатонның (Аменхотеп IV), Тутанхамонның әкесінің алғашқы әйелі болған. Тутанхамонның анасының аты белгісіз, алайда ол Эхнатонның әпкесі болды деген болжам бар.