Тұтастай алғанда, елордадағы қылмыстық жағдай тұрақты - Астана қаласы ІІД бастығы

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Тұтастай алғанда, елорда аумағында қылмыстық жағдай тұрақты.

Тұтастай алғанда, елордадағы қылмыстық жағдай тұрақты - Астана қаласы ІІД бастығы

Бұл туралы бүгін Астана қаласы ішкі істер департаментінде өткен жедел кеңесте ведомство бастығы Марат Демеуов хабарлады.

«Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта 1709 қылмыс тіркелді, тұтастай алғанда, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бес пайызға төмен», - деді М.Демеуов. Оның айтуынша, жас өспірімдер қылмысының деңгейі, бұрын сотталған адамдардың қылмыстық әрекеттері едәуір азайды. «Сонымен қатар, қылмыстың барлық түрі - кісі өлтіру, тонау, пәтер ұрлығы және т.б. бойынша дерлік қылмыстың ашылуы жақсарды», - деді елорда ІІД бастығы.

М.Демеуовтің атап көрсетуінше, елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полицейлердің жұмыс режімі және схемасы қайта қаралды, торуыл бағыттары 480-ге дейін көбейді. Торуылдау қаланың шеткері аймақтарында, саяжай аумақтарында да жүргізілуде.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға тәулігіне мың жарымнан астам дерлік қызметкерлер тартылған. Бұл мың полиция полкы және 250-ден астам әскери қызметкерлер. Астана аумағында сондай-ақ 283 бейнекамера орнатылған, мұның бәрі қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі жәрдемдесуде», - деп атап көрсетті елордалық ІІД бастығы.