17:36, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Тұтқындалған ФИФА шенеуніктерінің тізімі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, ФИФА атқарушы комитетінің вице-президенттері Джеффри Уэбб пен Эухенио Фигередо, сондай-ақ Солтүстік, Орталық Америка және Кариб бассейні елдері (КОНКАКАФ) Футбол конфедерациясының экс-президенті, ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Джек Уорнер, сонымен бірге Эдуардо Ли, Хулио Роча, Костас Таккас, Рафаэль Эскуивель, Хосе Мария Марин және Николя Леос тұтқындалды.

Спорт маркетингіне қатысы бар тағы да Алехандро Бурзако, Аарон Дэвидсон, Уго Джинкис және Мариано Джинкис тұтқындалғаны хабарланады. Олар заңсыз төлемдерге делдал болған деген болжам бар. Сәрсенбіде ФИФА-ның бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктері Цюрихте сыбайлас жемқорлыққа барды деген айыппен тұтқындалғаны белгілі болды. Оның ішінде алаяқтық, рэкет, ақша жымқыру қылмыстары да бар. Шенеуніктер Цюрих қаласына 29 мамырда өтетін ұйымның кезекті президентін сайлауға қатысу үшін жиналған болатын.