Тұтқындалған тез бұзылатын өнімдерді бұрынғыша сақтамай, оны сатып, ақшаны арнайы шотқа аударып отыру қажет ? И.Елекеев

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет тәркіленген тез бұзылатын өнімдерді бұрынғыша сақтамай, оны дереу сатып,
None
None
түскен ақшаны арнайы шотқа ауыстыру тәжірибесін қолдануды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Жоғарғы Сотта өткен кеңейтілген кеңесте Жоғарғы Соттың жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасы Ирак Елекеев: «Біз тәркіленген спиртті және басқа да алкогольді өнімдердің, шындығына келгенде олардан қалған өнімдердің көзін жою шараларын жүргіземіз. Олардан қалған өнімдерді дейтін себебім, аталмыш өнімдер тәркіленген күннен бастап жою туралы шешімнің орындалуына дейін айлар, кей жағдайда жылдар өтеді. Ол уақытқа дейін спиртті өнімдер өзінің тауарлық сипаты мен өңін жоғалтады», - дегенді алға тартып, батыс аймақтағы тәжірибені қолдану қажеттігін атап көрсетті. Мәселен, батыстағы тергеу органдары тұтқындалған балықты сақтамай, оны дереу сатып, түскен ақшаны арнайы шотқа аударады. Егер бұзушы ақталып жатса, ақша иесіне қайтарылады. Айыпталған жағдайда ақша бюджет есебіне аударылады. Сондай-ақ И.Елекеевтің айтуынша, көбінесе соттың шешімі жүзеге асырылу үшін сот орындаушысына жеткенге дейін тәркіленетін мүліктен ештеңе қалмайды, яғни тәркіленетін мүліктің құны болмайды. «Мысалға, автокөліктер мен техникалардың тек қаңқалары тәркіленеді. Ал кінәлілерді іздеп табуға қажеттілік жоқ, өйткені тергеу органдары мүлікті тұтқындап, оны сақтауға берер алдында олардың күйі мен құрамдас бөліктерінің толықтығына тіркеу жүргізбейді», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар