Тұтқындауға рұқсатты соттар беретін болғаннан бастап, қамауға алынатындардың саны айтарлықтай азайған

ТАШКЕНТ. 18 қазан. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Тұтқындауға рұқсатты соттар беретін болғаннан бастап, қамауға алынатын адамдардың саны айтарлықтай азайған.

Тұтқындауға рұқсатты соттар беретін болғаннан бастап, қамауға алынатындардың саны айтарлықтай азайған

Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттары төрағаларының VI кеңесінде ҚР Жоғарғы сотының судьясы Анатолий Смолин мәлім етті.

А.Смолин хабардар еткендей, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және ақпарт орталығының ресми статистикалық мәліметтеріне жүгінсек, 2004 жылдан тұтқындауға соттар рұқсат беруге көшкен кезге дейін прокурорлар жыл сайын шашамен 25 000 тұлғаға қатысты тұтқындау санкциясын беретін. «Ал қамауға алу туралы шешімді соттар қабылдайтын болғаннан кейін, 2009 жылы небәрі 19 642 адам (соның ішінде тұтқындау, үй тұтқыны, экстрадициялау шарасы), 2010 жылы 15 482 адам тұтқынға алынған. Ал 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында 6605 адамға қатысты тұтқындау шаралары қолданылған», - дейді А.Смолин.

Бұл сот бақылауын кеңейтіп, қылмыстық сот өндірісі барысында қолданылатын басқа да құқық қорғау іс-қимылдарына сот санкцияларын енгізу керектігін көрсетеді, деп қорытындылады ол.