Тұтыну сұранысында белсенділік артты - Ұлттық банк төрағасының орынбасары

АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тұтыну сұранысында 2009 жылы байқалған жағымсыз ағым өзгерді.
None
None

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев бүгін Алматыда ғаламторды пайдаланушылармен өткен он-лайн конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тұтыну сұранысында биыл белсенділік өсті. Оған бөлшек тауар айналымы мен халық кірісінің өсуі де айғақ бола алады. Біз 2009 жылы тұтыну сұранысында жағымсыз ағымды байқаған болатынбыз. 2010 жылы тұтыну сұранысында белсенділік артты", дейді Данияр Талғатұлы. Ұлттық банк төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, оған алдымен дағдарысқа қарсы бағдарлама аясындағы мемлекеттің қолдауы өз әсерін тигізді. Экономикалық сұранысты ынталандыруға және жұмыссыздықты азайтуға айтарлықтай ресурс бағытталды. Одан кейін 2010 жылғы экономиканың өсіміне баға конъюнктурасы да қолайлы жағдай жасады.

Соңғы жаңалықтар