Тұтынушы құқығын бұзған коммуналдық ұйымдардың тарифі арзандатылады

«Біз қоғамдық маңызы бар нарықта жұмыс істейтін табиғи монополия субьектілерін әкімшілік жауапқа тартқан кезде ол шараның тұтынушыларға қандай жағымды әсер болады деген сауалға тірелеміз. Өйткені, әсіресе, мемлекет меншігіндегі субьектілер бір қателікті жыл сайын қайталап жатады. Осылайша қомақты айыппұлдардың тиімді әсері болмайды. Сондықтан Табиғи монополиялар туралы заңға әкімшілік айыппұлдарды экономикалық сипаттағы айыппұлдармен алмастыру туралы түзету енгізбекшіміз. Жұмыс топтары оны қарап жатыр», -деген комитет басшысы аталмыш түзетудің мәнін былайша деп түсіндірді.
«Бұл түзетудің мәні неде? Егер табиғи монополия субьектісі тұтынушыларға қатысты қандай да бір заң бұзса, бюджетке түсетін айыппұлдың орнына тарифті азайту тетігін қолданамыз. Егер көрсетілген қызмет сапасы төмен болса, халық үшін немесе құқығы бұзылған нақты тұтынушы үшін тариф төмендетіледі. Ал, көрсеткен қызмет сапасы жоғары болса, қосымша бонус беріледі. Біз тарифті қалыптастыру тәртібіне осындай ынталандыру тетігін енгізуді ұсынып отырмыз. Қысқартып айтқанда, Табиғи монополиялар комитеті әкімшілік айыппұлдардың орнына экономикалық сипаттағы айыппұлдарды қолдануды ұйғарып отыр», - деді Асхат Жапсарбай.