14:12, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Тұтынушылар үшін есептегіш құралдарды енгізу әлі де өзекті күйінде қалып отыр
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Тұтынушылар үшін есептегіш құралдарды енгізу әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, жалпы ортақ су есептеу құралдарымен қамту шамамен 40 пайызды құраса, жеке тұтынушылардың су есептеу аспаптарымен жабдықталуы, орташа алғанда 85 пайызға орнатылған. «Тұтынушыларды су есептеу аспаптарын қоюға, ал табиғи монополиялар субъектілерін оларды жеке келісіммен орнатуға міндеттейтін түзетулер «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық туралы» заңға 2006 жылдан бастап енгізілген. Бұл заң бойынша орнату мерзімі өтіп кеткені өздеріңізге белгілі», - дейді Мұрат Оспанов.
Оның сөзіне қарағанда, есептеу құралдарын орнату қарқынында оң серпін болғанымен, ол жеткіліксіз.