Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылығы таныстырылды - ҚР ҰЭМ

Комитет төрағасы - бұдан бұрын ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Әлиақпар Мәтішев.
Комитет төрағасының орынбасары (ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері) - бұдан бұрын ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарған, ҚР бас мемлекеттік дәрігері Жандарбек Бекшин.
Комитет төрағасының орынбасары - бұдан бұрын ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары болған Мұрат Төлеутай.
«Бірінші қаңтардан бастап Қазақстан жаңа экономикалық бірлестікке кіреді, соның шеңберінде комитеттің рөлі түбегейлі өзгереді», - деп атап өтті министр.
Ерболат Досаев Кеден одағы мен ДСҰ аясында өзекті техникалық тосқауылдар мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ден қоюды тапсырды.