Тұтынушылардың құқықтарын қорғау омбудсмені қандай міндеттер атқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынабсары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин тұтынушылардың құқықтарын қорғау омбудсмені қандай міндеттер атқаратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: t.me/Kzgovernment

«Министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін трансформациялауды бастады. Әзірленген заң жобаларында келесі негізгі жаңалықтар қамтылған.

Біріншіден, осы саладағы омбудсмен институтының енгізілуімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы күшейтіледі», - деді министр Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының мәліметінше, омбдудсменнің міндетіне тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау, нарық тараптарының мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау функциялары кірмек.

«Екіншіден, тұтынушылардың шағымдарын қараудың бюрократиялық төрт сатылы алгоритмді екі сатылы алгоритмге жеңілдету көзделіп отыр.

Үшіншіден, кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушының заңды талаптарын ерікті түрде қанағаттандыруға ынталандыру мақсатында соттың шешімі бойынша тұтынушының пайдасына айыппұл түрінде азаматтық құқықтық жауапкершілікті енгізу.

Төртіншіден, коммуналдық, көліктік, медициналық, туристік қызметтер, байланыс қызметтері және кәсіпкерлік субъектілері көрсететін өзге де қызметтер салаларына тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын тарату.

Бесіншіден, онлайн-сауда сегментіндегі заңнамалық олқылықтардың орнын толтыру және басқа новеллалар.

Айтылған түзетулердің нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуге азаматтардың қанағаттану деңгейі 2025 жылға қарай 80%-ға дейін жеткізіледі», - деді Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар