Туу көрсеткіші артты, өлім-жітім төмендеді: статистика не дейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді: туу деңгейі өсіп, жалпы, ана және нәресте өлімі айтарлықтай төмендеген. Сарапшылар бұл оң өзгерістерді денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалар мен медициналық көмектің қолжетімділігінің артуымен байланыстырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. 

демография
Коллаж: Kazinform/ Canva

Қазақстанда медициналық-демографиялық көрсеткіштер тұрақты түрде жақсарып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда: 

  • туу көрсеткіші 1,8%-ға артты (14,49-дан 14,75-ке дейін);
  • жалпы өлім 8,4%-ға төмендеді (6,2-ден 5,68-ге дейін);
  • нәресте өлімі 28,5%-ға азайды (6,66-дан 4,76-ға дейін). Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп, 100 мың тірі туған балаға шаққанда 16,2-ден 8,2-ге дейін азайды. 

Өлімнің негізгі себептері ретінде төмендегі көрсеткіштер аталды: 

  • қанайналым жүйесі ауруларынан — 13,9%-ға, оның ішінде:
  • жедел миокард инфарктынан — 6,5%-ға,
  • инсульттен — 7,8%-ға;
  • қатерлі ісіктерден — 7,4%-ға;
  • жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан — 2,3%-ға;
  • тыныс алу жүйесі ауруларынан — 18,7%-ға тұрақты төмендеуі байқалады. 

Бұл көрсеткіш денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін айта кету қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі педиатриялық қызметті күшейтіп жатқанын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар