Тувада жоғалған тікұшақты 44 адам іздестіруде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тувада жоғалған Ми-8 тікұшағын іздеуге 44 адам, 8 техника тартылды.
Республикалық ТЖМ басқармасынан хабарлағандай, әуе кемесі бағыты бойынша бортында құтқарушылар мен медқызметкерлер бар тікұшақ жіберілді.
ТЖМ жоғалған тікұшақ бортында 12 адам - 5 экипаж мүшесі мен 7 жолаушы болғанын растады. Сондай-ақ олар "Тыва авиа" компаниясына тиесілі тікұшақтың Тоджин ауданының Соруг аумағынан Қызылға қарай ұшқанын растады.
Бұрын хабарланғандай, Ми-8 тікұшағы 10 қазанда жергілікті уақытпен сағат 10:00 Тоджин ауданынан ұшқан. Шамамен 1,5 сағаттан кейін экипажбен байланыс үзілді. Тікұшақтың Саяногор компанияларының бірінің тапсырысымен ұшқаны белгілі болып отыр.