Түйе балуандар сайысы: Айбат Сейтен келесі айналымға өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының түйе балуандар сайысында ел намысын қорғап жатқан астаналық балуан Айбат Сейтен алғашқы іріктеуден сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол алғашқы белдесуін болгариялық балуанмен өткізді. Алыптар айқасы аса тартысты болды. Отандасымыз төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз деп танылып, келесі айналымға өтті.
Естеріңізге сала кетейік, түйе балуандар сайысының жеңімпазы 5 мың АҚШ долларымен марапатталады.