Түйе хайуанаттар бағының иесін таптап өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада ызаланған түйе хайуанаттар бағының иесін таптап өлтірді. Жергілікті билік оқыс оқиғаға орай тергеуді бастады. Жануар құрбанын таптап қана қоймай, оны үстіне жатып алған.
Құтқарушыларға түйені ер адамның үстінен түсіру үшін жүк көлігіне байланған арқан қолдануға тура келді.
Associated Press хабарлағандай, қаза тапқан Ричард Милески америкалық Чикаго қаласының тумасы. «Түйе оны өлмеші етіп таптаған, ер адам әрең дем алып жатқанда, оның үстіне отырып алды, деді құқық қорғау органының өкілі. "Түйенің астында қалған ер адам тұншығып, жан тапсырды".
Жануар не үшін Милескиге тап бергені әзірге белгісіз. Құқық қорғаушылар бірнеше нұсқаны қарауда. Оның ішінде әдетте бақ иелері оларға сыяпат ретінде газды сусын берген, осы жолы одан құр қалған. Шамасы, түйе соған ызаланған болуы керек.