Түйеқұсты ұрып өлтірген хайуанаттар бағының қызметкері түрмеден бір-ақ шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл оқиға Ла-Тест-де-Бюш француз коммунасы хайуанаттар бағының бірінде болды. Жануарлар бағының қызметкері түйеқұсты өлтіріп, құс көршілес вольерде орналасқан понидің тұяқтарының астында қалған деп өз қылмысын жаппақ болған.
Оның өтірік айтқандығы анықталып, іс сотқа жолданды.
Түйеқұсты егжей-тегжейлі зерттеген сарапшылар оны басынан күрекпен қатты ұрғанның салдарынан өлген деп отыр. Ал түйеқұсты өлтіріп, ол үшін пониді айыптаған хайуанаттар бағының қызметкері жарты жыл түрмеде отыру жазасын алды, бірақ көп ұзамай ол мерзім екі айға дейін қысқартылды.