Түйелер байқауына 15 млн. доллар тігілді

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде жыл сайын өтетін дәстүрлі түйе байқауы биыл да жалғасын табады. Жарысқа 25 мыңнан аса жануар қатысады. Аталмыш байқауға түйесінің бағын сынау үшін Сауд Арабиясынан, Катардан және Оманнан мыңдаған адам келді.
None
None

Аталмыш байқауға қатысу үшін арнайы тіркеуден өткен түйелер түр-тұрпатына, жас шамасына, т.б. қарай жіктеліп, топ-топқа бөлінеді. Әділқазылар алқасы түйенің сымбатын олардың түр-тұрпатына қарап анықтайды. Түйенің мойны мен сирағының ұзындығы, өркеші, басы мен құлағы, т.б. түзулігі мен формасы есепке алынады. Байқаудың жүлдесіне 15 млн. доллар тігілгенін айта кету керек.

Араб елдерінде түйе ұстамайтын адам кемде-кем. Араб өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналған төрт түліктің төресі - түйенің қадір-қасиеті жоғары. Арабтар түйенің шудасы мен шұбатын да, терісі мен етін де пайдаланады. Шөл кемесі атанып түйені көлік ретінде әлі күнге дейін пайдаланады, деп жазады muslim.kz .

Соңғы жаңалықтар