Түйемен Ресей аспақ болған қазақстандықтың ойы жүзеге аспай қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік ветеринарлар Қазақстаннан сыйлық ретінде барған түйені ветеринарлық сертификатының жоқтығынан кеденнен өткізбей қойды, деп хабарланды Алтай Республикасы және Алтай өлкесі бойынша Ресей ауылшаруашылық бақылау басқармасының сайтында.
«Алтай Республикасы және Алтай өлкесі бойынша Ресей ауылшаруашылық бақылау басқармасының және РФ ФҚҚ Алтай өлкесі бойынша шекара басқармасының қызметкерлері №1 формалы Кедендік Одақтың ветеринарлық сертификатынсыз Қазақстаннан Ресейге заңсыз түйе енгізу фактісін әшкереледі. Тасымалдаушының сөзіне қарағанда, ол түйені Алтай өлкесіндегі Третьяков ауданының тұрғынына сыйлыққа апара жатқан», - деп жазады «Новости-Казахстан» АА ресми хабарламаға сілтеме жасап.