Түймебаев оңтүстікқазақстандықтардың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жергілікті телеарналардың бірінде тікелей эфирде сұхбат берді.
None
None

«Әкім сағаты» хабарында өңір басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының облыста жүзеге асырылуы бойынша баяндап, аймақ тұрғындарынан түскен сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    


Бас-аяғы бір жарым сағатқа созылған жүздесуде арнайы мамандардан құралған «Call-орталыққа» сауалдар телефон, электронды пошта, Whatsapp желісі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы жолданып, аймақ жұртшылығы өздерін толғандырған мәселелерге жауаптар алды.  Тікелей эфир кезінде, сауалдардың басым бөлігі Whatsapp желісі арқылы келіп, ондағы негізгі сұрақтар ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық сақтау, туризмді дамыту сынды маңызды салаларға қатысты болды.        

Еліміздің өзге облыстарынан хабарласқан көрермендер аймақ басшысымен тікелей бейнесұрақ арқылы дидарласып, толғандырған мәселесінің жауабын алып, ұсыныстарын жолдай алды. Жалпы, өңір әкімімен болған тікелей эфирге жалпы саны 600-ден астам сұрақ жолданды. Санаулы уақыт ішінде келіп түскен сауалдарға мейлінше жауап берген Ж. Түймебаев тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешуге атсалысатынын жеткізді.

Айта кету қажет, әкіммен сұхбат барысында жауап беріліп үлгерілмеген сауалдардың жауабы алдағы уақытта облыс әкімінің ресми сайтында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар