Туыстарының айтуынша, Майкл Джексон өсиет хат қалдырған

ВАШИНГТОН.   Шілденің 1-і. ҚазАқпарат  -   Маусымның   25-інде   дүниеден озған  «Поп  музыка  королі»    Майкл  Джексонның       өсиет  хат   қалдырғаны анықталып  отыр, 

Туыстарының    айтуынша,    Майкл  Джексон   өсиет  хат қалдырған

 деп хабарлайды ҚазАқпарат    РБК  агенттігіне  сілтеме  жасап.

Бұл туралы    әншінің  отбасының ісімен  айналысушы   заңгерлер  мәлім етуде.  «Менің  клиенттерім,    Майкл  Джексонның соңғы еркі жазылған  хаттың   бар  екенін   естіп   білді»,  деп  келтіреді Associated Press агенттігі   Джексондардың  отбасы қорғаушысының сөзіне сілтеме  жасап.    Өсиет хаттың   мазмұны   әзірге  беймәлім.

М.Джексонның  отбасы   осыдан  бірер күн бұрын   сот  құжаттарында,   әртістің   өсиет қалдырмағанын  көрсеткен     болатын. Солай  болып қалған   жағдайда,  М.Джексонның мүлкін   үлестіру туралы мәселе сотта шешілуі керек   еді.  Бірақ заңгерлер   Майкл Джексонның  2002   жылы жазылған     өсиет хатын  тауып  отыр,  бірақ бұл хат   жалғыз  болмауы ықтимал,  дейді   олар.

М.Джексонның артында  үш  баласы -  12 жасар Принц Майкл, 11 жасар Пэрис және  7 жасар  Майкл Джексон II  қалды.