01:47, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Туысын атқан Грузияның бұрынғы вице-министрі өз-өзіне қол жұмсамақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Леван Гвазава өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Грузия Online.

Леван Гвазава өзінің екі немере бауырларымен бірге көлікте келе жатқанында кедергі келтірген тәрізді сезінген соң қаруын қабынан алып тастамақ болған. Сол сәтте қару абайсызда атылып кетіп, алдыңғы орындықта отырған Резо Каломлецавиге тиген. Ол бірден мерт болды. Мұны көрген Леван өзін бетінен атқан. Алайда оқ мұрын сүйегіне тиіп, миына жетпей қалған.
Леван Гвазава ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның бетіне ота жасалды, алайда жағдайы әлі ауыр.
Тбилиси қалалық ішкі істер басқармасымен қасақана өлтіру және оқ ататын қаруды заңсыз алып жүру және сақтау фактілері бойынша тергеу амалдары басталды.