Тұзды тағамдар салмағы жоғары жасөспірімдерде жасушалардың қартаюы үдерісін шапшаңдатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұзы көп тағамдарды пайдалану салмағы артық жасөспірімдерде жасушалардың қартаюы үдерісін шаңшаңдатады, деп хабарлады АҚШ-тағы Джорджи медициналық колледжінің зерттеушілері. Бұл туралы www.medicinform.net. сайты хабарлады.
None
None

Ғалымдар жаңа зерттеулері барысында натрийді көп пайдалану мен дене өлшеуіштердің арасындағы байланысты зерттеді. Дене өлшеуіштері хромосомдардың ұштарын жауып тұратын қорғаныс қақпақтары. Олар көп жылдар бойы қысқарады. Алайда темекі тарту және дене жүктемесінің жеткіліксіздігі сияқты зиянды әдеттер дене өлшеуішінің ұзындығын қысқарту процесін шапшаңдатады, соның салдарынан бұл организмнің қартаюы үдерісін де шапшаңдатуға әкеп соғады.

Зерттеуге 14-18 жастардағы 766 адам қатысты. Олар натрийді көп қолдануына қарай бірнеше топқа бөлінді. Мәселен, күніне орташа есеппен 2388 мг натрийді тұтынатындар төмен пайдаланушылар санатына енді, ал күніне 4112 мг натрий тұтынатындар көп пайдаланушылар қатарын құрады. Мамандардың ұсынуына қарағанда, натрийді тұтынуды күніне 1500 мг-ден асыруға болмайды.

Талдау көрсеткендей, натрийды күн сайын көп пайдаланатын етжеңді жасөспірімдерде дене өлшеуіштерінің ұзындығы қысқарақ болып шыққан. Осы зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдар артық салмағы бар жасөспірімдер натрийді тұтынуды шектеуі тиіс екенін ескертеді.

Мамандар натрийдің басым бөлігі өңделген азық-түлік өнімдерінде де болатынын айтады. Сондықтан да ата-аналар жас өнімдерді немесе көкөніс-жеміс өнімдерін көбірек дайындап, етжеңді жасөспірімдердің әртүрлі ащы тіскебасар мен чипцы сияқты тағамдарға жоламауы тиіс екенін қаперге салады.

Соңғы жаңалықтар