Түзету мекемелерінде Рождество мейрамы тойлануда

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Республикамыздың түзету мекемелерінде Рождество мейрамымен байланысты салтанатты іс-шаралар өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ақпараты бойынша, темір тордың ар жағында отырса да, сотталғандарға өз діндерін еркін насихаттауға барлық жағдай жасалған. Ал ертең республикамыздың бірқатар түзету мекемелеріндегі бөлек тұрған шіркеулер мен дұға етуге арналған арнайы бөлмелерде мерекелік рәсімдер өткізіледі. Шіркеу қызметшілері түрмеде отырған азаматтарға денсаулық, рухани тыныштық, бейбітшілік пен төзім тілейді. Сотталғандар Рождество мейрамы күндері, сондай-ақ өз күштерімен концерттер ұйымдастырады, қайырымдылық шараларына қатысады.Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Мәлік Ыбырайымовтың айтуынша, православ шіркеуінің өкілдері өздері қамқорлыққа алған балалар колонияларында болып, кәмелетке толмаған сотталғандарға сыйлықтар табыс етеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде діни рәсімдер орындалумен және концерттер өткізілуімен қатар, мерекелік кешкі ас та ұйымдастырылады.
Соңғы жаңалықтар