Түзету мекемелеріндегі мектептер кешкі мәртебеге ие болмауы керек -Эльвира Әзімова

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы түзету колониясына қарасты мектепте техниканың жетіспеушілігі мәселесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған Алматы колониясына жұмыс сапары барысында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова сотталған балалардың білім сапасы мәселелерін көтерді. Жалпы білім беретін мектепте оқу процесін және туыстарымен байланыста болу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажетті техниканың жетіспеушілігі мәселесін анықтап, шешуге мүмкіндік туды.

ЛА 155/6 Алматы колониясы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 14-тен 21 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған. Бүгінгі таңда колонияда 49 сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың ең кішісі – 15 жаста.

Жұмыс сапары барысында аталған колонияға ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, сондай-ақ азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттерге қарсы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары келді.


Сапар барысында колонияға қарасты кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған мектепте сапалы білім беру мақсатында қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі мәселесі қозғалды.

Белгілі болғандай, Алматы қаласының білім басқармасы «информатика» курсын базалық деңгейде оқу үшін мектеп оқушыларын оқулықтармен, оқу құралдарымен және компьютерлермен қамтамасыз етті. Бұның жеткіліксіз екені белгілі болды – оқушылар проектор мен ноутбуктердің жетіспеушілігі мәселесі жайлы айтты. Әсіресе карантиндік шектеулер жағдайында туыстарымен бейне форматта байланыста болу өте маңызды.

Нәтижесінде, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімдігі мен жеке кәсіпкер Айнұр Жұмаштың көмегімен екі апталық мерзімде оқу ғимараттарына қаражат тауып, техникамен жабдықтады. Атап айтқанда, проектор, интерактивті тақта және ноутбуктер сатып алынды.

Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова кәмелетке толмағандарға арналған мекеме жанындағы әрбір оқушы кез келген бала сияқты орта білімге тең қол жеткізуі тиіс екендігіне назар аударды.


«Бұл үшін оқушылар мектеп бағдарламасының толық көлемінде меңгеріп, соның ішінде білім берудегі интерактивті тәсілдер бар жаңалықтарды алуы, сондай-ақ кез келген техниканы пайдалана алуы қажет. Барлық балалардың білім алуына толыққанды қол жеткізу кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында тікелей бекітілген. Түзету мекемелеріндегі кәмелетке толмаған балаларға арналған мектептер кешкі мәртебеге ие болмауы керек, өйткені кешкі мектептерде оқу жүктемесінің көлемінде белгілі бір шектеулер бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда жекелеген түзеу мекемелерге қатысты кешкі мектептер сақталуда», - деп түсіндірді Эльвира Әзімова.


Соңғы жаңалықтар