Түзету мекемелеріне есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қызылорда облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында 34 жастағы қылмыстық топтың «беделдісін» құрықтады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қ. Жұмановтың сөзіне қарағанда, оны тексеру кезінде патрондары бар «Макаров» тапаншасы және 31 граммнан астам гашиш тәркіленген. «Қару және есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, ұсталған азамат облыстың түзету мекемелеріне есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отыр»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар