Түзеу колониясындағы өрт: 6 әйел мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдад қаласындағы түзеу мекемесінде болған өрт салдарынан алты әйел қаза тапты, деп хабарлайды Al Sumaria телеарнасы.

Түзеу колониясындағы өрт: 6 әйел мерт болды

Келеңсіз жағдай Азамия ауданындағы үйсіздерге арналған түзеу мекемесінде болған. Телеарнаның деректерінше, тұтқындар арасында жанжал туындап, оның аяғы өртке соқтырған.

Кейбір БАҚ-тар өрт салдарынан 9 әйел ажал құшып, 20-дан астамы жарақаттанғандығын, олардың екеуі пышақ жарақатынан, өзге жетеуі өрт салдарынан көз жұмғандығын жазуда.