Түзеу мекемелері жыл сайын 12 млрд. теңгенің өнімін шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесіндегі кәсіпорындардың мемлекеттік қорғаныс саласының тапсырыстарын алуға мүмкіндік беру жағы қарастырылып жатыр.
None
None

«Қазір қылмыстық-атқару жүйесіндегі кәсіпорындардың мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыстарды алуына мүмкіндік беру мәселесі қаралып жатыр. Соның шеңберінде әскери форма мен қарулы күштер құрылымдарына арналған белгілер өндірісін дамытуға болар еді», - деп Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Бұл шаралар қылмыстық-атқару жүйесіне тиесілі кәсіпорындардағы өндірістік ахуалды едәуір жақсартуға көмектесер еді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, түзеу мекемелері жыл сайын 12 млрд теңгенің өнімін шығарады. Оның 80 пайызы түзеу мекемелерінің өз қажетіне жаратылады екен.

Қылмыстық-түзету жүйесіндегі кәсіпорындардың өндірістік әлеуеті төмен. Оның үстіне, қондырғылардың да әбден тозығы жеткен. «Сондықтан біз кәсіпорындарымызды қайта қалпына келтіріп, жабдықтауға мәжбүр болып отырмыз», - деді министр.

Қ.Қасымов осыдан біраз бұрын халық қалаулыларының түзеу мекемелеріндегі өндірістік қызметті дамытуға мемлекеттік қолдау мәселесін көтергенін еске салды. «Шынымен де, нарықтық экономика мен бәсекелестік жағдайында біздің кәсіпорындарымызға мемлекеттік қолдау ауадай қажет. Биылғы жылдың 25 қыркүйегінде үкімет түзеу мекемелерін 2015-2018 жылдары табыс салығынан босату туралы шешім шығарған болатын. Бұл түскен қаражатты өндірісті жаңғыртуға жұмсауға мүмкіндік береді», - деді ол.

«Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты кәсіпорындарымыз Ресей мен Белоруссиядағы сияқты «Мемлекеттік сатып алулар» туралы заңды қолданбай-ақ, тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету туралы келісімшарттар бекіте алады», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар