Тверь қаласының өрт сөндірушісі Максим Галкиннен 8 млн. рубль ұтып алды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Тверь қаласынан келген өрт сөндіруші қызымен бірге Максим Галкиннің «Он миллион» бағдарламасында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруі арқылы 8 млн. 250 мың рубль ұтып алды.

Тверь қаласының өрт сөндірушісі Максим Галкиннен 8 млн. рубль ұтып алды

Валерий Дорошенко Тверь облысында өрт сөндіруші болса, ал оның қызы Валерия Мәскеудің ОШАО ішкі істер полиция басқармасында жұмыс істейді, - деп жазады «Комсомольская правда» газеті.

«Қызыма қонаққа келгенмін, интернеттегі шоуға қатысуға шақыруды көріп, бірден сауалнаманы толтырдым да, оны сол бойда жөнелттім. Екі айдан кейін телефон шалып мені бағдарламаға қатысуға шақырды», - деп әңгімелейді жаңа миллионер.

Ұтқан ақшасын Дорошенко өзінің туған ауылы Тарусск ауданында фермерлік шаруашылықты нығайтуға жұмсауды жоспарлап отыр.