«Твиттердің» құрылуы туралы сериал түсірілмек

«Сериал Американың The New York Times газетінің журналисті Ник Билтон жазған «Hatching Twitter: A True Story of Money, Power, Friendship and Betrayal» («Твиттердің дүниеге келуі: ақша, билік, достық және сатқындық туралы шынайы тарих») кітабының негізінде түсірілмек», - деп айтылған хабарламада.
Телевизиялық жобаның продюсері Эллисон Шермур болмақ. Ол 2013 жылы жуырда шыққан «Голодные игры: И вспыхнет пламя» фильмінің арқасында танымал болды.
Өз кітабын теледидардан көрсетуге бейімдеп, сериал сценарийін жазуға Билтонның өзі кіріседі.
«Hatching Twitter» 2013 жылғы 5 қарашада жарияланған және Amazon интернет-дүкені нұсқасы бойынша айдың үздік кітабы атанған болатын.
The Economist Британ журналы оны 2013 жылдың үздік көркем шығармалары қатарына қосты.