Twitter акцияларының құны 20 пайыздан астам төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қор биржасында Twitter әлеуметтік желісі акцияларының құны 20 пайыздан астам деңгейге төмендеді.

Twitter акцияларының құны 20 пайыздан астам  төмендеді

Атап айтқанда, сәрсенбіде компания өзінің шығыстары тоқсан нәтижесі бойынша 5 млн. доллар құрағанын, сондай-ақ әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны баяу өсіп отырғанын мәлімдегеннен кейін акция бағасы құлдырай бастады.

Дегенмен Twitter-дің бас директоры Дик Костоло пайдаланушылар санының өсімі бойынша жағдай биыл түзеледі деген сенімде. Айта кетейік, компания өзінің акцияларын алғаш рет жұртшылыққа арнап қарашада орналастырған еді.