Twitter акциясының құны рекордтық деңгейде түсіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter акциясы барлық сауда тарихында болмаған төмен деңгейге түсті. Олардың құны 3%-ға, 14 доллардан сәл кемге төмендеді.

  Twitter акциясының құны рекордтық деңгейде түсіп кетті

Жергілікті БАҚ атап өткендей, инвесторлар компанияның қаржы көрсеткіштері туралы есебіне және әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны туралы деректерге көңілдері толмауда. Бақылаушылардың бағалауынша, Twitter Facebook және Instagram сияқты бәсекелестерінен желі пайдаланушылар санының өсу қарқыны бойынша едәуір артта қалуда. Бұдан басқа, осы жылғы алғашқы үш айдағы есеп кампания түсімінің өсімі болжамнан елеулі төмен деңгейде екенін көрсетуде.