Twitter басшысы өзінің акцияларының үштен бір бөлігін қарапайым жұмыскерлерге сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тwitter басшысы Джек Дорси өзінің акцияларының үштен бір бөлігін қарапайым жұмыскерлерге сыйлады.
None
None

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында хабарлаған. Сыйға берілген құнды қағаздардың құны 200 миллион долларды құрайды. Ол өзінің бұл әрекетін қызметкерлерге салынған инвестиция деп түсіндірді.

Сондай-ақ, Дорси 13 қазан күні Twitter бизнесін оңтайландыру мақсатымен штатының 8 пайызын қысқартатынын мәлімдеген болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.

Фото: Сергей Киселев

Соңғы жаңалықтар
Референдум