Тwitter биржада акцияларын орналастыруға 2 млрд. доллар тартуы мүмкін

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Американдық Twitter микроблогтар сервисы биржада өз акцияларын алғашқы орналастыру барысында 2 млрд. доллар қаржы тартуы мүмкін, бұл әуелгі жоспарланғаннан екі есе көп, деп хабарлады Росбалт.
None
None

The New York Post-тың жазуынша, Twitter басшылығы ағымдағы айдың соңында Нью-Йоркте роуд-шоу деп аталатын әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткізеді. Егер ол ойдағыдай аяқталса, IPO кезінде жалпы көлемі жалпы көлемі 2 млрд. доллар қаржы тартуы мүмкін.

Бұдан бұрын Twitter компаниясы биржада (IPO) өзінің акцияларын алғашқы рет орналастыруға әзірлік үдерісін бастағаны хабарланған болатын. Twitter бағалы қағаздарын сату барысында 1 млрд. доллар тартуды жоспарлауда.

Бүгінде қайталама нарықта компания 9,4 млрд.долларға бағалануда.

Жақында Twitter IPO қарсаңында өзінің Дублиндегі еуропалық штаб-пәтерінде штат санын екі есе арттырып жатқаны белгілі болды. Әлеуметтік желі еуропалық штабында 100 жаңа жұмыс орнын құратынын мәлім етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қыркүйек айында компания американдық бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға және биржаға құжаттарын тапсырды. Жеке инвесторлар Twitter-дің құнын 10 млрд. доллардан аса сомаға бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар