Twitter-де орнатылған аудармашы пайда болады
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Twitter микроблогы сервисі пайдаланушылар жазбаларының аударма функциясын тестіден өткізуде, деп хабарлады Лента.ру агенттігі.
Твиттерді аудару мүмкіндігі өткен аптада кейбір пайдаланушыларда пайда болды, деп хабарлады Twitter интернет-басылымның өкілдері. Бұл функция барлық пайдаланушыларға қол жетімді бола ма және қашан болады, ол жағы әзірше белгісіз.
Қай тілден қандай тілдерге аударылатыны да әзірше анық емес. Дегенмен Faceblog.in.th тай сайтында тай тілінен жапон тіліне және корей тілінен ағылшын тіліне аудару мүмкіндігі анықталғаны хабарланған.
Аударма Microsoft жасаған Bing Translator технологиясы көмегімен жүзеге асырылуда.