Twitter-дегі 2014 жылғы ең басты хэштегтер аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter өз пайдаланушылары биылғы жылы ең көп талқылаған хэштегтерді (#), тақырыптар мен оқиғаларды атады.
None
None

Аталмыш әлеуметтік желі нақты сандарды бермегенімен, хэштегтер жиынтығына қарағанда, 2014 жылы пайдаланушылар арасында ең танымал тақырыптар Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындары, Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты (атап айтқанда, Германия құрамасының жеңісі), «Оскар» және «Эмми» сыйлықтарының табысталуы, Нигериядан 276 оқушының ұрлануы, Malaysia Airlines (MH370 және MH17) ұшақтарының апаты, Робин Уильямстің ажалы және Фергюсондағы толқыныстар болған. Сондай-ақ желі пайдаланушылары Шотландияның тәуелсіздік туралы референдумын, Эмма Уотсонның жыныстар теңдігі туралы мәлімдемесін, Қытайдағы «қолшатырлар төңкерісін», Малала Юсуфзайдың Нобель сыйлығын алуын, Берлин қорғанының құлауының 25 жылдығын және халықаралық ғарыш стансасындағы ғарышкерлердің тыныс-тіршілігін жиі талқылаған.

Соған қарағанда, Эбола безгегі мен Ice Bucket Challenge туралы тақырыптар Twitter пайдаланушыларын мәселен, Facebook пайдаланушыларымен салыстырғанда, азырақ қызықтырған, деп хабарлайды Lookatme.

Соңғы жаңалықтар