Twitter эмоцияға қатты әсер етеді - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың пікірінше, Twitter желісі эмоцияға қатты әсер етеді. Мамандардың бұл зерттеуіне 114 адам қатысқан. Ғалымдар Твиттерді қолдану кезінде қатысушылардың ми белсенділігін бақылуға алған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Twitter эмоцияға қатты әсер етеді - ғалымдар

Зерттеу барысында мидың эмоциямен, есте сақтау қабілетімен байланысатын үш бөлшегі белсенді болғандығы анықталды.

Желіде отырған адамдарда эмоциялық қозу 75 пайызға ұлғайған.

Тіпті микроблогтарды селқос оқып отырған адамның өзінде де мидың белсенділігі 64 пайызға артқаны байқалды. Зерттеушілердің пікірінше, Твиттердегі қысқа әрі тез, өткір жазбалар эмоцияға қатты әсер ететін көрінеді.