Twitter хабарламаларды 140 белгіден асырмауға қатысты шектеуін алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter жеке хабарламаларды 140 белгіден асырмай жазуға қатысты шектеулерін алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
None
None

Яғни, жеке жазбаларда енді 10 мың белгіге дейін пайдалануға болады. Бұл туралы Twitter Inc.-тегі Direct Messages жобасының басшысы Сачин Агарвал хабарлаған. Оның айтуынша, бұл жаңашылдық бір-бірімен өзара хабар алмасатындар үшін ғана енгізілген. Ал көпшілік назарында болатын хабарламалар бұрынғыша 140 символдан аспауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар