Twitter компаниясы IPO аясында 14,1 млн. долларға бағаланды
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Twitter Inc. акциялары бастапқы баға ұсыныстарын орналастыру аясында бір құнды қағаз үшін 26 доллар деңгейінде бағаланды. Желі акциялары бұған дейін 23-26 долларға бағаланып келген болатын.
Кейін құнды қағаздарға деген сұраныс жоғарыда айтылған болжамнан жоғары болып шықты. Twitter капиталын 14,1 млн долларға бағалады. Еркін айналымға 70 млн кәдімгі акцияларды, яғни компанияның 13 пайызын жіберу жоспарланып отыр. Желінің иелері 1,82 млрд. доллар ақша тарта алады.
Бағалы қағаздары саудалау бейсенбі күні Нью-Йорк қор биржасында (NYSE) өтеді.