Twitter компаниясының бас директоры отставкаға кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter компаниясының Бас директоры Twitter Дик Костоло маусымның аяғында отставкаға кетеді. Бірақ ол Twitter директорлар кеңесінде қала береді.

Twitter компаниясының бас директоры отставкаға кетеді

Компания өкілінің хабарлауынша, әзірше бас директордың міндетін құрылтайшылардың бірі Джек Дорси атқаратын болады.

Осы лауазымда 5 жыл бойы жұмыс істеген 51 жастағы Костоланың кету себебі әзірге хабарланбай отыр.

Twitter Inc.компаниясы 2006 жылы құрылған болатын. Оның штб-пәтері Сан-Францискода.

Компанияның негізгі өнімі -жария түрде қысқа хабарламалар алмасуға арналған әлеуметтік желі.